АКЦИЯ ШАРТТАРЫ

«Яндекс Афиша пайдаланушыларына Межгород сапарларына жеңілдік» (бұдан әрі — «Шарттар»)

Жарияланған күні: 11.02.2026 ж.

Осы Шарттар «Яндекс Go» және «Яндекс Афиша» сервистеріндегі бірлескен акцияға (бұдан әрі — «Акция») қатысу тәртібін айқындайды.

1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

1.1. Яндекс Такси сервисі (Яндекс Go) — мобильді қосымша түрінде қолжетімді ақпараттық сервис, Пайдаланушыға жолаушылар мен жүктi тасымалдау қызметтерiне ықтимал сұраныс туралы ақпарат орналастыру мүмкіндігін береді.

1.2. Яндекс Афиша сервисі — Партнер басқаратын, ойын сауық іс шараларына электронды билеттер сатып алуға мүмкіндік беретін ақпараттық сервис.

1.3. Акцияны ұйымдастырушы (Ұйымдастырушы) — Яндекс Go сервисінде Жеңілдік ұсынатын «Y. Taxi Qazaqstan» ЖШС (БИН 160540014930).

1.4. Акция серіктесі (Серіктес) — Яндекс Афиша сервисі арқылы билеттерді сату және Промокодтарды тарату жүзеге асыратын «FUNTECH» ЖШС.

1.5. Промокод — әр Қатысушы үшін жеке жасалатын бірегей әріп сандық код, оны Яндекс Go сервисінде белсендіру Жеңілдік алуға құқық береді.

1.6. Алғашқы сапар — Пайдаланушы Яндекс Go сервисінде «Межгород» бөліміндегі «Попутчикпен» тарифі бойынша алғаш рет жасаған тапсырыс.

1.7. Осы Шарттарда анықталмаған терминдер Яндекс Go сервисін пайдалану шарттарына және промокодтарды пайдалану шарттарына сәйкес түсіндіріледі.

2. АКЦИЯ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ

2.1. Промокодтың (Жеңілдіктің) қолданылу мерзімі: 24 ақпан 2026 ж. 00:00 бастап 03 наурыз 2026 ж. 23:59 дейін (Астана уақыты).

2.2. Акция аумағы: Қазақстан Республикасы (Яндекс Go сервисінде «Межгород» қолжетімді бағыттарда).

2.3. Қатысушылар: Акция кезеңінде Яндекс Афиша арқылы «Қайрат — Тобыл» футбол матчының билетін сатып алған пайдаланушылар.

2.4. Қатысушыға тапсырыстың қорытынды құнының 50 пайызы көлемінде, бірақ 4000 теңгеден аспайтын Жеңілдік беріледі.

2.5. Жеңілдік тек «Межгород» бөліміндегі «Попутчикпен» тарифі бойынша алғашқы сапарға қолданылады.

2.6. Жеңілдік тек қосымшада тіркелген банк картасы арқылы қолма қол емес төлем кезінде беріледі.

3. ҚАТЫСУ ЖӘНЕ ПРОМОКОДТЫ БЕЛСЕНДІРУ ТӘРТІБІ

3.1. Жеңілдікті алу үшін Пайдаланушы:

— Яндекс Афиша арқылы билет сатып алады.

— Электронды поштаға келген Промокодты алады.

— Яндекс Go қосымшасын ашады.

— «Жеңілдіктер мен сыйлықтар» бөліміне кіреді.

— Промокодты енгізіп, «Белсендіру» батырмасын басады.

— «Межгород» бөлімінде «Попутчикпен» тарифін таңдайды.

— Банк картасымен төлеп, сапар жасайды.

3.2. Әр Қатысушы Промокодты тек бір рет пайдалана алады.

4. ҚОСЫМША ЕРЕЖЕЛЕР

4.1. Яндекс Go тек ақпараттық сервис болып табылады. Тасымалдау қызметтерін тәуелсіз серіктестер көрсетеді.

4.2. Жеңілдіктер басқа акциялармен қосылмайды. 4000 теңгеден артық бөлігі өтелмейді.

4.3. Промокодтар саны Акция бюджетінен шектеледі.

4.4. Промокодтарды сату немесе жариялау тыйым салынады.

4.5. Теріс пайдалану анықталған жағдайда Жеңілдік берілмеуі мүмкін.

4.6. Техникалық ақау болған жағдайда сапарға дейін қолдау қызметіне жүгіну қажет.

4.7. Ұйымдастырушы Шарттарды өзгертуге немесе Акцияны тоқтатуға құқылы.

4.8. Жеңілдік ақшаға айырбасталмайды.

4.9. Техникалық себептермен Промокод қолданылмауы мүмкін.

4.10. Даулар Алматы қаласының соттарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралады.