(әрі қарай — сәйкесінше «Ережелер» мен «Науқан»)
Алматы қ.
1. Жалпы ережелер
1.1. Бұл науқан — промо-науқан, лотерея емес, тәуекел элементтері жоқ және Интернет желісінде: https://go.yandex/kk_kz/doc/mastercard_taxi_2025 мекенжайы бойынша орналасқан осы Ережелерге сәйкес өткізіледі.
Науқан Яндекс Go Сервисіндегі сапарлар санын арттыруға бағытталған.
1.2. Науқан Яндекс Go қосымшасы арқылы жолаушылар мен жүк тасымалдау қызметіне тапсырыс беру қолжетімді Қазақстан аумағында өтеді.
1.3. Науқанды ұйымдастырушы: «Y. Taxi Qazaqstan» ЖШС (БСН: 160540014930; мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 100/4 үй, 105 кеңсе).
2. Ережелерде қолданылатын ұғымдар
Яндекс Такси сервисі (Яндекс Go сервисі, Сервис) — пайдаланушыларға жеңіл такси көлігімен жолаушылар мен жүк тасымалдау қызметтеріне және/немесе өзге көліктік қызметтерге және/немесе курьерлік жеткізу қызметтеріне сұрау орналастыру бойынша функционалдық мүмкіндіктер беретін және пайдаланушылар жасаған сұрауларды автоматты түрде өңдеуді және тасымалдаушыларға (мұндай жағдайда тасымалдаушылардың өкілдері болып саналатын тасымалдаушылардың жүргізушілеріне) беруді жүзеге асыратын ақпараттық сервис.
Сервисті пайдалану шарттары Интернет желісіндегі сайтта орналасқан: https://yandex.com/legal/yandexgo_termsofuse/.
Қатысушы — Ережелердің 3 бөлімінде көрсетілген талаптарға сай жеке тұлға.
Мастеркард картасы — Ережелерге сәйкес Сервисте төлеген кезде Науқанға Қатысушыға жолаушылар мен жүк тасымалдау бойынша қызметтерге Жеңілдік беретін Банк шығарған есептесу (дебеттік), несие картасы немесе алдын ала төленген карта. Атап айтқанда, Мастеркард карталарына мына карта түрлері жатады: «Mastercard World Elite», «World Mastercard Black Edition», «Mastercard Business Preferred».
Банк — Мастеркард картасын шығарған екінші деңгейлі қазақстандық банк.
Жеңілдік — Яндекс Go Сервисі арқылы тапсырыс берілген жолаушылар мен жүк тасымалы бойынша қызметтердің құнын азайту.
Осы Шарттарда аталмаған өзге Терминдер Яндекс Такси Сервисін (Яндекс Go Сервисін) пайдалану шарттарында көрсетілген мағынасына сәйкес анықталады және түсіндіріледі.
3. Науқанға қатысушылар
3.1. Жасы он сегізге толған, Интернет желісінде компьютерінің (немесе прокси-серверінің) ІР-мекенжайы бар, Ұйымдастырушыдағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Ережелердің 5 бөлімінде көрсетілген шарттарға сәйкес Мастеркард картасын рәсімдеген әрекетке қабілетті жеке тұлған Науқанға қатысушы бола алады.
3.2. Осы Науқанның аясында кез келген ұсыныстар дербес анықталған болып саналады. Бір Науқанға қатысушы Қатысушылар тізіміне тек бір рет қосылуы мүмкін. Осы Науқанда аталған ұсыныстарды ұсыну Ұйымдастырушының міндеті емес, құқығы болып саналады және Науқанға қатысушыға қойылатын талаптарға сай келетін кез келген пайдаланушыға кепілді түрде берілмеуі мүмкін.
3.3. Науқанға қатысу мақсатында Қатысушыда көп дегенде 1 (бір) Есептік жазба болуы мүмкін. Есептік жазба дегеніміз Пайдаланушы туралы ақпараттты, Пайдаланушы Яндекс ID арқылы авторизациядан өткеннен кейін Пайдаланушыға қолжетімді көрсетілген сервистерді Пайдаланушының қолдануымен байланысты өзге ақпаратты қамтитын Ұйымдастырушының сервисіндегі (оның ішінде Яндекс Go мобильді қосымшасындағы) Пайдаланушының есептік жазбасы.
4. Науқанды өткізу мерзімдері
4.1. Науқанды өткізудің жалпы мерзімі 01.09.2025 ж. бастап 31.05.2026 ж. (осы күндерді қоса алғанда) дейінгі мерзімді құрайды. Есептеу қазақстандық уақыт бойынша жүргізіледі.
4.2. Ұйымдастырушыда Науқанды өткізу мерзімдерін өзгерту құқығы бар.
5. Науқанға қатысу тәртібі
5.1. Науқан аясында Қатысушыларға келесі тарифтердің кез келгенімен Яндекс Go Сервисі арқылы тапсырыс беріп, Мастеркард картасымен төленген сапар жасауға Жеңілдік алу мүмкіндігі беріледі: «Эконом», «Комфорт», «Комфорт+», «Электро», «Business», «Premier».
5.2. Жеңілдік ай сайын 2 (екі) сапарға (лимит әрбір күнтізбелік айдың 1-і күні жаңарып отырады) әрбір сапар үшін ақшалай көрсеткіште 4000 (төрт мың) теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі. Бұл ретте бағдар нүктелерінің бірі (не отырғызу, не түсіру) келесі нүктелердің бірі болу керек («Сервис белгілеген геоаймақ шегінде»):
(1) Алматы қ. халықаралық әуежайы; немесе
(2) Астана қ. халықаралық әуежайы.
Егер сапардың жалпы құны 4000 (төрт мың) теңгеден төмен болса, жеңілдік оның толық құнын жабады. Алайда, Қызметтің техникалық ерекшеліктеріне байланысты, осындай сапардың соңғы құны Қатысушы үшін 10 (он) теңге болады.
5.3. Жеңілдікті алу үшін Науқанға қатысушы:
5.4. Науқанға қатысу үшін сапар төлемін мынадай банктік сәйкестендіру нөмірлері бар Мастеркард картасымен төлеу қажет: 516730, 519170, 52804336, 52170000, 525244, 53049600, 536685, 53670841, 537825, 539674, 539674, 53981336, 53981351, 54378324, 547089, 549831, 549831, 549831, 549842, 555335, 559486, 559672, 547414, 54346472, 547089, 536685, 519170. Науқанға қатысатын Мастеркард карталарының тізімін кез келген сәтте қосымша хабарламастан бір тараптық тәртіппен өзгерте алады.
5.5. Саяхаттарды Apple Pay, Google Pay және Samsung Pay арқылы төлеу кезінде жеңілдік берілмейді. Жеңілдікті алу үшін төлем тәсілі ретінде Қызметке тікелей қосылған Mastercard картасын қолдану қажет.
6. Өзге шарттар
6.1. Ұйымдастырушыда осы Науқанның өткізілуін уақытша немесе мүлде тоқтату, немесе оның шарттарын себептерін түсіндірместен кез келген сәтте өзгерту құқығы бар. Науқанды уақытша тоқтату/мүлде тоқтату/шарттарын өзгерту/мүмкіндікті тоқтату туралы ақпарат Интернет желісіндегі мына сайтта орналасады: https://go.yandex/kk_kz/doc/mastercard_taxi_2025
6.2. Науқанға қатысу арқылы Қатысушы Науқан Ережелеріне келіседі, оларды қабылдайды және орындауға міндеттеледі.
6.3. Жеңілдікті қасақана жолмен алуға және/немесе Жеңілдікті алу кезінде қасақылық жасауға қарсы әрекет жасау мақсатында Ұйымдастырушыда Ережелердің орындалуын тексерудің осы Ережелерде тікелей аталмаған тәсілдерін қолдану, сондай-ақ тисті қасақылық және/немесе Жеңілдікті қасақана жолмен алу дәйектері анықталған жағдайда Жеңілдікті беруден бас тарту құқықтары бар.
6.4. Техникалық ерекшеліктерге байланысты Науқанды Қатысушыларға қосуды Науқанды Ұйымдастырушы кезеңді түрде жүргізеді.
6.5. Жеңілдікті қолдану бойынша сұрақтар Ұйымдастырушыға Яндекс Go қосымшасындағы қолдау қызметі арқылы жіберіледі.
6.6. Жеңілдікті (1) Пайдаланушы ақшалай түрде ала алмайды, (2) осы Ережелерге сәйкес Пайдаланушы өзі бермеген жағдайда басқа жолмен сыйға беріле, жай беріле немесе басқа кез келген тәсілмен қолданыла алмайды.
6.7. Жеңілдікті алу техникалық себептерге байланысты қолжетімсіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Сервистің тиісті функционалы арқылы қолдау қызметіне дереу хабарласу керек.
Жарияланған күні: 01.09.2025
Күшіне енген күні: 01.09.2025