«Бренд қолы» байқауының дербес шарттары (әрі қарай — Байқау)

Берілген құжат егер мына мекенжайда орналасқан болса жарамды болып есептеледі: go.yandex/kk_kz/lp/hand/conditions.
1. Байқауды ұйымдастырушы (Ұйымдастырушы) «Яндекс.Такси Корп» ЖШС, БСН 160540014930.
2. Байқауды өткізу мақсаты: «Яндекс Go» қолданбасын танымал ету.
3. Байқаудың өтетін орны: Интернет желісі.
4. Байқау үшін мынадай мерзімдер белгіленген:
4.1. Байқаудың басталуы туралы жариялау: 2023 жылғы «2» қазан.
4.2. Байқауды өткізу: 2023 жылғы «2» қазаннан бастап 2023 жылғы «27» қазанға дейін.
4.3. Байқаудың қорытындысын жасау және жеңімпазды жариялау: 2023 жылғы «30» қарашаға дейін.
5. Байқауға қатысу арқылы Қатысушы Интернет желісінде мына мекенжай бойынша орналасқан Байқаудың жалпы ережелерімен: yandex.ru/legal/competition_generalterms және Интернет желісінде мына мекенжай бойынша орналасқан байқаудың дербес шарттарымен: go.yandex/kk_kz/lp/hand/conditions танысқандығын және келісетіндігін растайды.
6. Байқауға қатысу үшін 2023 жылғы «27» қазанға дейінгі мерзімде мына әрекеттерді орындау керек:
6.1. «Яндекс Go» қолданбасын жүктеп алу, оны ашу және машинаға тапсырыс беру экраны ашық тұрған телефонды қолға ұстап, суретке түсіру (әрі қарай — «Фото»).
6.2. Жоғарыда аталған фотосуретті «Instagram» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында стористе немесе лентада #яндексgoүздікқол хештегімен орналастыру, @yandex.go.kazakhstan аккаунтын белгілеу және өз аккаунтын ашық ету, сондай-ақ, «Direct» арқылы хабарламалар алуға рұқсат беру.
7. Байқауға қатысушы ретінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты түрде тұратын және өз атынан әрекет ететін кәмелетке толған жеке тұлға танылады.
7.1. Фотоға қойылатын қосымша талаптар Байқаудың сайтында go.yandex/kk_kz/lp/hand көрсетілуі мүмкін.
8. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі.
8.1. Байқаудың жеңімпазы мына тәсілмен анықталады:
Қатысушылардың Фотоларын қарастыру қорытындылары бойынша Ұйымдастырушының байқау комиссиясы құпия дауыс беру жолымен Алматы қаласында жеңімпазды анықтау үшін өтетін іс-шараға қатысатын 10 финалистті (әрі қарай — Финалисттер) анықтайды. Финалисттердің іс-шараға (өзі келіп) қатысуы міндетті, егер ол қатыса алмайтын болса, Ұйымдастырушы Финалистті байқау комиссиясы таңдаған басқа тұлғаға алмастыруға құқылы.
9. Жүлде.
9.1. Жүлде ретінде Ұйымдастырушының Жеңімпаздың қолына кәсіби фотосессия жасауға және фотосессия нәтижелерін Ұйымдастырушының жарнамалық кампанияларында әрі қарай пайдалануға сыйақы сомасы 1 500 000 (бір миллион бес жүз мыңнан) кем болмайтын келісімшартты Жеңімпазбен жасауға ұсынысы болып табылады. Қалған тоғыз Финалистке де Ұйымдастырушының шешімі бойынша өзге жүлделер ұсынылуы мүмкін.
10. Жүлдені табыстау мерзімі: 2023 жылғы «5» қарашадан «29» желтоқсанға дейін.
11. Байқауға қатысу үшін Қатысушы жеке деректерін өңдеуге өз келісімін береді, атап айтқанда:
Барлық Қатысушылар: Instagram желісіндегі Байқауға қатысуға арналған Фото (6.2 тармақта көрсетілгендей), байқауға қатысу мәселелері бойынша, оның ішінде, Байқауға назарды арттыру мақсатында Байқауға қатысуға арналған Фотоны Ұйымдастырушының веб-ресурстарында пайдалану мүмкіндігіне қатысты мәселелер бойынша хабарласуға арналған Instagram аккаунтының атауы.
Финалисттер: ТАӘ, Алматы қаласында өтетін іс-шараға қатысуға, оның ішінде, Алматы қаласына дейінгі билеттерді ресімдеу және сатып алуға және Финалисттер үшін қонақүйде нөмірлерді брондауға арналған төлқұжат деректері.
Жеңімпаз бен Финалисттер: Байқау нәтижелерін жариялау және Байқау мен оның нәтижелеріне назар аударту үшін Ұйымдастырушының веб-ресурстарында, оның ішінде, БАҚ пен Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында пайдалану үшін жеңімпаз бен Финалисттердің аты-жөні мен фотосуреттері.
Егер Байқауға қатысу үшін қажет болса, оның ішінде, Алматы қаласына дейін билеттерді ресімдеу және сатып алу және Финалисттер үшін қонақүйде нөмір брондау үшін қажет болған кезде Ұйымдастырушы Қатысушылардың, Финалисттер мен Жеңімпаздың жеке деректерін үшінші тұлғаларға беруге құқылы.
12. Қатысушы Байқауды Ұйымдастырушыға Фотоны пайдалану үшін өз келісімін береді. Байқауды Ұйымдастырушы Фотоны жұртқа жария етуге, пайдалануға, өзгертуге (оның ішінде, өңдеуге, ретушьтеуге, күңгірттеуге, бұрмалауға) құқылы. Сондай-ақ, Фото Яндекс компаниялар тобының Интернет-сайттарында, Яндекс компаниялар тобының корпоративтік блог пен аккаунттарында пайдаланылуы мүмкін. Фотоны пайдалану құқығы Интернет желісінде мына мекенжай бойынша орналасқан байқаудың жалпы шарттарымен реттеледі: yandex.ru/legal/competition_generalterms.